Жапонияда зымыранды жоюға бұйрық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда зымыранды жоюға бұйрық берілді

29.05.2023

Жапония Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыранын атып түсірмек. Елдің Қорғаныс министрлігі осындай бұйрық берді. Ракетаның жапон елі аумағына құлау қаупі болса ғана ол жойылады. Айта кетейік, Пхеньян Токиоға 31 мамыр - 11 маусым аралығында тұңғыш барлау спутнигін ұшыратынын бұған дейін ескерткен. Бұл Солтүстік Кореяның мәліметтерді жинау мүмкіндігін арттырмақ. Жапония болса аталған аппарат елдің Нансэй аралы үстінен ұшуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу