Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға барды

29.05.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына барды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен және көктемгі егіс науқанымен танысты.

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Мемлекет басшысы бірер сағат бұрын Қызылжар өңіріне келді. Бүгінгі жұмыс жоспары өте тығыз. Алдымен, көктемгі егіс науқанымен танысады. Өздеріңіз білесіздер, солтүстік - аграрлы аймақ. Ел қамбасына астықтың үштен бірін осы өңір құйып отыр. Биыл да жоспары ауқымды. 4,5 млн гектарға егіс егеді. Бұл былтырғыдан 200 мың гектарға көп. Әрі әртараптандыру саясатын қолға алған. Көкөністің көп түріне басымдық беріп жатыр. Қасым Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен де кездеседі. Әрі аймақтағы әлеуметтік нысандарды аралайды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу