Қазфосфат зауыттарында 7 жарым мың жұмысшы қызмет атқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазфосфат зауыттарында 7 жарым мың жұмысшы қызмет атқарады

28.05.2023

Еуразия даму банкінің климатты зерттеуші мамандары Орталық Азиядағы су тапшылығы жылдан-жылға күрделене түседі деп болжам жасап отыр. 2040 жылға қарай 2,8 есеге артады,- дейді олар. Аймақта суды тиімді пайдалану көрсеткіштері өте төмен. Әлем бойынша жылдық орташа көрсеткіш 1 м3 (текше метр үшін ) 19 $ болса, Орталық Азияда 2,5 $. Әрі халық саны тез өсіп жатыр. Сондықтан мамандар бұл аймақта ғылыми зерттеулер жүргізіп, жер асты суының қорын, шығын көлемін анықтаған жөн. Әрі өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта қолдану, ауыз су, ауыл шаруашылығы үшін қажет суды бөліп-жарып тұтыну әдетін қалыптастыру керек, - дейді.

29- мамыр - бүкіл әлемдік химиктер күні. Жаһан елдері, ғылым-техникасымен, озық өнер кәсібімен бәсекелескен бүгінгі дәуірде химияның рөлі орасан. Қазіргі экономиканың негізі, ғарыш саласы, денсаулық сақтау индустриясы бәрі химияға тәуелді.Қазақстанның химия индустриясын дамытуға үлес қосып отырған ірі мекемелердің бірі - Қазфосфат кәсіпорны. Келесі материал Жамбыл өңіріндегі 5 зауыт, бірнеше кенішті біріктірген алып өндіріс жайлы.


Хабарламаларға жазылу