Астанада «Самға, Balapan!» балалар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Самға, Balapan!» балалар фестивалі өтті

27.05.2023

Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Самға, Balapan!» балалар фестивалі өтті. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі түрде өтетін іс-шарада өз замандастары арасында ізгі әрекеттерімен, батырлығымен және талантымен көзге түскен жеткіншектерге жүлде табысталды.

Періштелі фестваль басталды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар мен жалпы «Balapan» телеарнасының кішкентай көрермендері жиналды.

«Бала батыр», «Кішкентай өнертапқыш», «Қамқор бала» және тағысын тағы осындай атаулармен арнайы номинациялар түзілген. Ең үздіктері анықталып, жүлде табысталды.

Гүлдана Кулова, Атырау қаласының тұрғыны:

Біз атырау қаласынан келдік. Баламның ерлігін елеп, Атыраудан шақырды бізді. Көп-көп рахмет айтамын «Balapan» «телеарнасына.

Ал «Сүйікті кейіпкер» арнайы номинациясының жеңімпазы «Balapan» телеарнасының веб-ресурстары арқылы көрермендер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде анықталды.

Жүлде алғандардың арасында Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағасында достарын судан аман алып қалған Дінмұхаммед Жаңбырбай да бар.

Индира Тұрсынбай, «Balapan» телеарнасының директоры:

Біздің қазір нарықта бәсекелестік өте үлкен екенін білесіздер. Түрлі арналардың қазақша нұсқалары таралып жатыр. Ютубпен бәсекелестікке қарамасытан рейтингте топтамыз. Бұл біз үшін үлкен жетістік.

Шараның телевизиялық нұсқасы «Balapan» телеарнасынан 1 маусым күні сағат 13:30-да көрсетіледі.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу