Түркістанда заңгерлер халыққа тегін қызмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда заңгерлер халыққа тегін қызмет көрсетті

26.05.2023

Бүгін бірнеше заңгер мен мемлекеттік орган өкілдері қазақстандықтарға тегін консультациялық қызмет көрсетті. Бір күндік науқан барлық өңірде ұйымдастырылған. Келушілерге белгілі адвокаттар, прокурор, сот орындаушылары мен мемлекеттік орган басшылары кеңес берді. Тұрғындардың көбі – салық төлеу, алимент, тұрғын үй, жер дауы мен өзге де тұрмыстық мәселелермен жүгінген.

Алмас Кеншінбаев, Астана қаласының тұрғыны:

Анамнан қалған акция бар еді. Зейнетке шыққан оған Қазақтелекомнан біраз жыл істеп акция берген. Ол күйіп кетті ме десем, жоқ жылдан жылға шотқа түсіп жатыр екен. Заңгер маған солай деп түсіндірді. Мен білмеппін оны.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру. Өтініштер бірден жауапты органдардың қарауына жолданады. Айта кетейік, 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан шараға 7000-нан астам сарапшы мен құзыретті орган өкілдері қатысып, 150 мыңнан астам тұрғын кеңес алған.

Ержан Жүнісов, ҚР СЖҚІҚ агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің превенция басшысы:

Барлық құқықтық мәселелер бойынша толық және тегін заңдық кеңес көрсетілуде. Ең көп көрсетіліп жатқаны мәселесі тұрғын үй мәселесі және азаматтық істердегі өздерінің құқықтарын қорғау үшін адвокаттардан көп ақыл-кеңес алып жатыр.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу