Францияда полиция шерушілерді күшпен таратпақ болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда полиция шерушілерді күшпен таратпақ болды

26.05.2023

Францияда шеруге шыққан экология белсенділеріне қарсы полицейлер бұрыш спрейін қолданды. Жүздеген адам «Total Energies» мұнай компаниясы акционерлерінің жиналысын өткізуге кедергі жасамақ болған. Табиғат жанашырлары ауаға парниктік газдардың бөлінуін азайтуды талап етті. Олар мұнай компаниялары зиянды қалдықтарды азайтуға қатысты қатаң жоспар құруы тиіс деп санайды. Ғалымдардың айтуынша, 2030 жылға қарай әлемде парниктік газдарды 43 пайызға азайту қажет.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу