Абай облысы Аягөз қаласындағы көпбейінді мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек «электрошопан» қондырғысын ойлап тапты. Ол дамыған елдерде кеңінен қолданылатын әдісті жетілдіре түскен. Дарынды жастың жобасында малды бордақылайтын автоматты қоралар, бақташыны қажет етпейтін жайылым, суғару құрылғылары бар. Жақында ол идеясын «IT» фестивальде таныстырмақ. Жас өнертапқыштың жобасына өңірдегі шарушылықтар қазірдің өзінде қызығушылық таныта бастаған.
Бекнұр Айдарбек, оқушы:
500 қойға 1000 гектар жайылым жер қажет. 1000 гектар жерді осы «электршопан» құрылғысымен құраймыз. Бұл жобаға бізге 46 млн 523 мың теңге кетеді. Бұл болжам есептеуіміз.
Айдарбек Мұхамедиаров, шаруа қожалығының жетекшісі:
Мысалға, жаңа 500 қой деп отыр ғой. Осыны үш-ақ адаммен жұмыс істеуге болар еді. Бір операторы бар. Бір механизаторы бар.
Ержан Жақып