Ұлыбритания визалық талаптарды күшейтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания визалық талаптарды күшейтіп жатыр

26.05.2023

Ұлыбритания иммигранттар нөпіріне тосқауыл қою үшін визалық талаптарды күшейтіп жатыр. Шетелдік студенттерге Тұманды Альбионға отбасыларын ертіп баруға тыйым салынбақ.

Виза талаптары күшейтіледі

Марина Бекенова, тілші:

Өткен жылы магистранттар мен аспиранттардың жақындарына 136 мыңға жуық виза беріліпті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9 есе көп. Ал осы жылдың басынан елге заңды негізде 700 мың адам кірген. Жаңа ережелерге сәйкес студенттер тек оқып, зерттеу қызметімен айналыспаса, олардың жұбайы мен балаларына Ұлыбританияда тұруға рұқсат етілмейді.

Cуэлла Браверман, Ұлыбританияның ішкі істер министрі:

Біз иммигранттардың жалпы көлемін азайтуымыз керек. Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шыққандағы басты мақсаты да осы еді. Яғни, біліктілігі төмен шетелдік мамандарға тәуелді болмау.

«Студенттердің туыстары жұмыс орындарына таласып қана қоймай, білім беру және денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіріп, қолжетімді баспана санының қысқаруына әсер етіп жатыр», - дейді биліктегілер. Қазірдің өзінде Гонконгтан және Украинадан баспана сұрап келгендер саны өте көп. «Екінші жағынан мұндай шектеулер сырттан келетін студенттердің қатарын азайтуы мүмкін», - дейді сарапшылар.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу