Батыс Қазақстанда 32 мыңдай адам баспана кезегінде тұр. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев ең өзекті мәселелердің бірі осы екенін айтады. «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында-11 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 2,5 мыңға жуық пәтер салынып жатыр. Жыл соңына дейін 900-ге жуығы пайдалануға берілмек. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына тұрғын үй қорынан баспана сатып алуға 1,7 млрд теңге қаралған. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған мыңнан астам азаматқа пәтер берілмек. Облыста мектеп тапшылығы да өзекті
Нариман Төреғалиев, БҚО-ның әкімі:
Қазіргі таңда облыста 12 апатты, 9 үш ауысымды мектеп бар. Жылдар бойы қордаланған мәселені шешу мақсатында биыл 27 мектептің құрылысын жоспарладық. Бүгінде 23 мектептің құрылысын бастап кеттік. Жыл соңына дейін 18 мектепті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Жолдардың жағдайы да нашар. Биыл 570 шақырымы жөнделеді. Оған 74 млрд теңге қаралып отыр. «Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп», - деді өңір басшысы.
Оңғар Алпысбайұлы