Жапонияда 4 адамды өлтірді деген күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда 4 адамды өлтірді деген күдікті ұсталды

26.05.2023

Жапонияның Накано қаласында 4 адамды өлтірді деген күдікті тұтқындалды. Ол жергілікті кеңес депутатының ұлы.Ол бір әйелді пышақтап, артынша екі полицейді атып тастаған. Содан кейін тағы бір әйелді мерт қылды. Жапонияда адам ату оқиғалары өте сирек болады. Өйткені қару иеленгісі келген азаматтар қатаң тексеруден өтуі керек. «Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, полицияға 12 сағат бойы қарсылық көрсетіп, ақыры қолға түскен күдіктінің автомат ұстауға лицензиясы болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу