Беларусь доллар мен еуродан бас тартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь доллар мен еуродан бас тартпақ

26.05.2023

Беларусь Еуразия Экономикалық Одағы елдерімен саудада доллар мен еуродан бас тартпақ. Мұны үкімет басшысының бірінші орынбасары Николай Снопков мәлімдеді. Вице-премьердің сөзінше, қазірдің өзінде сыртқы шектеулерге байланысты бұл валюталардың есеп айырысудағы үлесі 8 пайызға кеміген. Еуразия Экономикалық Одағы 2015 жылы құрылды. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения кіреді. Бұл қауымдастықтың мақсаты - Одақ аумағында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу