Ыстамбұлда ерекше көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыстамбұлда ерекше көрме ашылды

25.05.2023

Күлтегін мен Тоныкөк, Білге қаған мен Ұмай Ана. Ыстамбұлда көне түркі тарихындағы танымал тұлғаларға арналған ерекше көрме ашылды. Есімдері мен ерліктері тасқа қашалған қаһармандардың мүсіндерін металл мен ағаштан жасаған түрік сәулетшісі Шуле Зейбек. Көрмеге түркі елдеріне ортақ тарихи тұлғалармен қатар, аңыз-дастандарда аттары аталған тұлпарлардың да мүсіндері қойылған. Осы көрмеге қойылған 36 жәдігерді 7 ай ішінде жасап шығыпты. Бұл көрмені Шуле өзге де түркітілдес мемлекеттерде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу