Жемқорлардан қайтарылған қаржыға 62 мектеп салынады. Оқу-ағарту министрлігі арнайы бұйрыққа қол қойды. Астана қаласы мен Алматы облысында -10 , Түркістан облысында - 9, Жамбыл облысында - 6, Қызылорда облысында - 5, Маңғыстау облысында - 4 мектеп салу жоспарланған. Ақтөбе облысында - 3, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай мен Солтүстік Қазақстанда - 2, Жетісу, Ұлытау және Павлодар облыстарында бір мектептен салынады. Құрылысқа 96 миллиард 495 миллион теңге қаралған.
Серік Селеубай