Шымкентте білімге бөлінген 67 млн теңге жымқырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте білімге бөлінген 67 млн теңге жымқырылған

25.05.2023

Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа жиі ұрынатын 11 саланың бірі - осы білім беру. Жыл басынан бері жемқорлық фактісіне байланысты 16 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайластық әрекеттердің салдарынан мемлекеттің 67 миллион теңгеге жуық қаржысы қолды болған. Бұл саладағы жемқорлық фактілері әсіресе оқытушыларды жұмысқа қабылдау, мұғалімдерді аттестациядан өткізу немесе түрлі себеппен мектеп ұжымында қаржы жинау кезінде көп кездеседі.

Жандос Жұмабаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Проблема қайдан шығып жатыр? Бухгалтерлер бар, кейбір қызметкерлер өз лауазымдарын пайдалана келе қаражатты дұрыс бағытта иемденбеген.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу