Е.Қарин: «Ұлттық қор – балаларға» жобасы - бала кәмелет жасына толған кезде баспана алуына немесе білім алуына мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қарин: «Ұлттық қор – балаларға» жобасы - бала кәмелет жасына толған кезде баспана алуына немесе білім алуына мүмкіндік береді

24.05.2023

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы - бала кәмелет жасына толған кезде баспана алуына немесе білім алуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды.

«Бүгін Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға бөлінетін жәрдемақы мәселесі жөніндегі заң жобасын қарауға кірісті. Аталған заң жобасы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асатын Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламасы бойынша әзірленіп жатыр. Осылайша, Президенттің әлеуметтік маңызды бастамасы заң тұрғысынан рәсімделіп, Ұлттық қордың қаржысы халықтың мүддесі үшін жұмыс істей бастайды» делінген жазбада.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу