Елдегі фермерлер өткен жылдың субсидияларын ала алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі фермерлер өткен жылдың субсидияларын ала алмай отыр

24.05.2023

Өңірлерде фермерлерге өткен жылы берілуге тиіс тауарлық субсидиялардың 50 пайызы ғана төленген. Ал инвестициялық субсидиялардың нәбәрі 30-40 пайызы берілді. Мәжіліс отырысында Ерлан Саиров Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында ауыл шаруашылығында орын алған проблеманы көтерді. Ол қарыздар бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша да осындай жағдай орын алып отырғандығын айтты. Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған жаңа gosagro.kz платформасы толық жұмыс істемейді. Субсидия алуға өтініш қабылдай алмайды. Депутат 2022 жылға арналған субсидиялардың барлық түрі бойынша қарызды тез арада өтеу қажет деп отыр. Ерлан Саиров биыл астықты форвардтық сатып алуға бөлінген қаражаттың едәуір қысқарып қалғанын да сынға алды. Мысалы, Ақмола облысы бойынша 12 млрд теңге қажет болса, форвардтық сатып алуға тек 4 млрд теңге бөлінген.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі:

Қазақстандағы астық қоры 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өткен жылғы деңгейден 1,5 есе көп болған, майлы дақылдар қоры 2 пайызға көбейген. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өсірген егіннің едәуір бөлігі сатылмай қалды деген сөз, яғни биылғы егіс жұмыстарын жүргізуге жеткілікті қаражат жоқ.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу