Израильде мемлекеттік бюджет мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израильде мемлекеттік бюджет мақұлданды

24.05.2023

Израиль парламенті 2023-24 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетті мақұлдады. Дауыс беру 35 сағатқа созылған. Бұған дейін құжатқа қарсылық білдірген жұрт Тель-Авив көшелеріне шығып, бюджетті қолдамайтынын білдірген еді. Олар елде жұмыссыздық белең алып, экономикалық өсім тежеледі деп қауіптенеді. Жоспар бойынша 2 миллиард шекель болатын шығындар пакеті ультра ортодоксальді еврей мектептерін қаржыландыру мен Батыс жағалауда қоныс салуға да бөлінбек, ал оппозиция өкілдеріне бұл ұнамай отыр. Үкімет бюджет жобасы несие рейтингі агенттіктері тарапынан қолдауға ие болғанын мәлімдеді.   

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу