Әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкін. Ол коронавирустан да қауіпті болуы ықтимал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Мұны ол Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда айтты. Әлем халқын індетке қарсы күреске дайын болуға үндеді. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ғаламдық коронавирус пандемиясы аяқталды деп мәлімдеген еді. Айта кетейік, 2020 жылдан басталған әлемдік пандемия 1150 күнге жалғасты.
Арай Төлегенқызы