Ұлыбританияда құмар ойындар туралы заң реформаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда құмар ойындар туралы заң реформаланады

23.05.2023

Ұлыбритания билігі құмар ойындар туралы заңды реформалауды жоспарлап отыр. Елде ойынқұмарлардың саны шамамен 1 миллион 300 мың адам. Олардың 10 проценті құрдымға кетіп, қарызға белшеcінен батқандар. Бизнес онлайн платформаларға көшкелі жағдай тіпті ушыға түскен. Сондықтан үкімет 2005 жылы қабылданған Құмар ойындар туралы заңға өзгерістер енгізбек.

Люси Фрейзер, Ұлыбританияның мәдениет, БАҚ және Спорт министрі:

Құмар ойыны салығы енгізіледі. Букмекерлік кеңселер тәуелділікке түскендерді емдеуге және осы саланы зерттеуді қаржыландыруға міндеттеледі. Ай сайын артық ақша жұмсайтын адамның төлеу қабілеті тексеріледі. Онлайн автоматтағы бір айналым үшін 15 стерлинг фунтынан астам ақшаға бәс тігуге тыйым салынады.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу