Канададағы өрт көліктердің жолын бөгеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канададағы өрт көліктердің жолын бөгеді

23.05.2023

Канаданың Альберта провинциясындағы орман өрті басылар емес. Тілсіз жаудан қауіптенген билік үлкен автомагистральды жапты. Жүк көліктерінің қозғалысы шектелді. Жергілікті билік трассаны бөгеу туралы шешімді тілсіз жау жолға жақындап қалғасын қабылдаған. Биыл Альбертада 500-ге жуық өрт ошағы анықталыпты. Олар 850 гектарға жуық жасыл желекті күлге айналдырған. Жалынды сөндіруге 2800-ден астам маман мен арнайы техникалар жұмылдырылған.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу