Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының талаптары өзгеруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының талаптары өзгеруі мүмкін

23.05.2023

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының талаптары өзгеруі мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, енді несиесін 90 күннен артық уақыт төлемеген азаматтар бұл бағдарламаға қатыса алмауы мүмкін. Сондай-ақ бастапқы жарнаны төлеу міндетті болмақ. Бұған дейін министр Марат Қарабаев бастапқы жарнаның 15 пайыз көлемінде болуын ұсынған. Жалақының жоғарғы шегі де өзгеруі тиіс. Өйткені бағдарлама табысы төмен азаматтар үшін де қолжетімді болуы қажет. Бірақ әзірге мұның бәрі тек ұсыныс күйінде тұр. Егер нақты бір шешім шықса заң жобасы ресми парақшаларда көрсетіліп, халық талқысына түседі. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу