Бельгияда кәсіподақ ұйымдарының шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда кәсіподақ ұйымдарының шеруі өтті

23.05.2023

Бельгия астанасы Брюссельде 3 ірі кәсіподақ ұйымы ауқымды шеру ұйымдастырды. Жергілікті полицияның мәліметінше, оған 18 мыңдай адам қатысқан.

Бұның алдында қала соты көтерме сауда компаниясының жұмысшылардың пикет ұйымдастыруына тыйым салуын қолдаған. Демонстрация содан кейін басталып отыр.

Шеруге қатысушылардың ойынша, соттың үкімі кәсіподақтардың бостандығын шектеп, жұмысшылар ұжымдарының құқықтарын таптайды. Және де мұндай шешім келешекте еңбек етуге жағдай жасауды тоқтатып, талай адамның жұмыстан босатылуына әкеп соғуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу