Армения Таулы Қарабақты Әзербайжанның территориясы екенін мойындауға әзір. Ол үшін Баку осы аймақтағы этникалық армяндардың құқықтарын қорғауға кепілдік беруі керек. Мұны Ереванда премьер-министр Никол Пашинян мәлімдеді. Айта кетсек, Таулы Қарабақтың басым бөлігі мен оның айналасындағы аудандарды Әзербайжан армиясы 2020 жылғы 6-апталық соғыста қайтарып алды. Қазір бұл анклавта 120 мыңдай армян тұрып жатыр. Оларды Армениямен байланыстыратын жалғыз жолға өткен айда Әзербайжан тексеру-өткізу пунктін орнатқан.
Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:
Таулы Қарабақ армяндарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі Степанакерт-Баку диалогында талқылануы керек. Біз бұл келіссөздерге халықаралық кепілдіктер беру маңызды деп санаймыз.
Арыстан Рысбек