Петропавлда болған алапат өртке байланысты қала әкіміне сөгіс берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда болған алапат өртке байланысты қала әкіміне сөгіс берілді

23.05.2023

Мамыр айының басында Петропавлда болған алапат өртке байланысты қала әкімі Руслан Аңбаевқа сөгіс берілді. Ол өрт қауіпсіздігі және оның алдын алу жұмысын тиісті деңгейде атқармаған. Облыстық әкімдіктегі жиында осы мәселе кеңінен талқыланды. Айта кетейік, мамыр айының жетісі күні «Береке» ықшам ауданында қамыс өртеніп, қызыл жалын соңы жеке секторға жайылды. Салдарынан 9 баспана толығымен жанып, тағы екеуі тұруға жарамсыз болып қалды. Осыған байланысты шаһарда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. 



Хабарламаларға жазылу