Елімізде жыл басынан 22 қаржы пирамидасы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жыл басынан 22 қаржы пирамидасы анықталды

22.05.2023

Елімізде жыл басынан 22 қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері хабарлады. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды. Қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімі агенттіктің сайтында жарияланған. Енді өз қаражатын инвестициялауға бел буған азамат компанияның сенімділігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімнен тексере алады.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Қаражатты инвестициялау кезінде азаматтар белгілі бір компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3 511 өтініш түскен.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу