Италияда премьер-министр су басқан ауданға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда премьер-министр су басқан ауданға барды

22.05.2023

Италия толассыз жаңбырдан кейінгі тасқын судың зардабымен күресуде. Табиғи апаттын 14 адам қаза тауып, 36 мың тұрғын баспаналарын тастап кеткен. Экономикалық шығын миллиардтаған еуроға жетті. Елдің премьер-министрі Джорджия Мелони Қазақстанға жоспарлаған сапарын кейінгі қалдырып, су басқан Эмилия-Романья аудандарына барды. Үкімет басшысы резеңке етік киіп, үйлерге кірді. Тұрғындармен кездесті. Зардап шеккендерге көмек беруге уәде берді.  

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу