«Мұнай-химия өнімдері отандық тұтынушылар үшін қолжетімді болуы тиіс». Атыраудағы арнайы экономикалық аймақты аралап, оның жұмысымен танысқан Сенат депутаттары осылай деп отыр. Қазір өңірде жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін кешен жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ қуаттылығы 310 мвт болатын газтурбиналық электрстанциясы мен полимерлік қаптамалар шығаратын зауыт бар. Депутаттар полипропилен өндіретін зауыт пен тұтынушылардың арасындағы байланысты ретке келтіру керегін айтты. Өйткені алдымен ішкі сұраныс толық қамтылуы керек. Басты назарда – тұтынушыларға өнімді арзан бағада сату мәселесі. Бұл проблеманы біріздендіру - «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркіне» жүктеледі.
Сағындық Лұқпанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Полипропилен өндіретін зауыттың өнімі отандық тұтынушылар үшін қолжетімді болуы тиіс. Біз мәселенің мән-жайымен танысып жатырмыз. Бағаны реттеу керек екені белгілі. Бұл жұмыстарды әріптестерімізбен бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырамыз.
Жандос Темірғали