Жапонияда G7 саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда G7 саммиті басталды

19.05.2023

Жапонияның Хиросима қаласындағы саммитке жиналған «Үлкен жетілік» елдерінің лидерлері ресми келіссөздерді бастады. Бүгінгі жиында аймақтық мәселелер талқыланып жатыр. Отырыс басталмас бұрын меймандар Бейбітшілік мемориалдық саябағына барды. 1945 жылғы атом бомбасының құрбандарына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Содан кейін ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Үш күндік форумда әлемнің дамыған демократиялық мемлекеттерінің басшылары Украинаға көмек, Қытаймен қатынас, климаттың өзгеруі, дамушы елдердің қарызы және таза энергияға көшу мәселелерін талқылайды. Сонымен бірге алғаш рет жасанды интеллекті пайдалануды реттеу туралы да сөз қозғамақ. Айта кетсек, «Үлкен жетілік» тобында АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Канада, Италия бар.   

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу