Қостанай облысында көлік салығын уақытында төлемеген 5 адам қамауға алынған. Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш. Қамау мерзімі 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін. Жалпы өңірде 12 мың адам 190 млн теңгеден астам көлік салығын төлемей жүр. 26 мамырдан бастап салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу құзіреті жеке сот орындаушыларына беріледі. Осыған сәйкес сот орындаушылары борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтатып, банк шоттарын бұғаттай алады. Шетелге шығуына тиым салып, көлігін айып тұрағына қойып, өзін қамауға алуға, пәрмен беруге де құқы бар.
Дәуренбек Әбдібек