Алматыда «Музей түні» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Музей түні» акциясы өтті

19.05.2023

Алматыдағы мұражайларда өткен «Музей түнін» тамашалауға шамамен 7 мың адам келген. Кеше түңгі 12-ге дейін мегаполистегі 7 мұражайда «Музей түні» акциясы өтті.

Келушілер үшін квесттер, концерттік бағдарлама мен байқаулар, қыш ыдыстардан шеберлік сабақтары мен викторина өткізілді. Мәселен, «Ер жігіттің бес қаруы бойында» деген көрмеде ерекше қару-жарақ коллекциясы қойылған. Көрмеде қазба жұмыстары барысында табылған археологиялық экспедиция материалдары: найза, сүңгі, жебелер, қола қылыштар, қанжарлар мен пышақтар, сондай-ақ қазақтың ұлттық қарулары – садақ, жебе, қорамсақ та болды. Айта кетейік, кеше әлемнің 150-ден аса мемлекетінің мұражайларында ашық есік күні өтті. Бұл шараны Қазақстан 2006 жылдан бері атап өтіп келеді.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу