Бүгін Сенатта азаматтардың несие тарихы туралы ақпарат алмасу келісімі ратификацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Сенатта азаматтардың несие тарихы туралы ақпарат алмасу келісімі ратификацияланды

18.05.2023

Қазақстандықтар енді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше кез келген елден несие ала алады. Ол елдің азаматтарына біздің екінші деңгейлі банктер де қызмет көрсетеді. Бүгін Сенатта азаматтардың несие тарихы туралы ақпарат алмасу келісімі ратификацияланды. Қай азаматқа қандай көлемде қарыз беретінін екінші деңгейлі банктер өздері шешеді. Көбінесе сол елде ресми табыс тауып отырған азаматтар ғана бұл мүмкіндікті пайдалана алады. Проблемалық несиелерді қайтару жұмыстары да, екінші деңгейлі банктердің ішкі тәртібіне сай жүргізіледі. «Несие тарихы тек қарыз алушының рұқсатымен ғана беріледі. Ақпарат алмасу кезінде азаматтардың жеке мәліметтері барынша қорғалады. Алаяқтардың қолына өтпейді», - деп түсіндірді заң жобасын әзірлеушілер.

Олжас Қизатов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

Өтінім берген кезде ол өзінің алдын ала келісімін береді. Келісім берген кезде ғана кредит тарихын алмастыру процессі жүзеге асырылады. Келісім берілмесе онда несие тарихы алмастырылмайды. Ол біріншіден. Екіншіден, барлық ақпарат ұлттық төлем шлюзы арқылы алмастырылады. Ұлттық шлюзда барлық жұмыстар конфеденцияалдық алмастыру режимі енгізілген. Ол жақтан мен тәуекел жоқ деп ойлаймын .

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу