Орталық Азия елдерінің Еуропаға экспорт көлемі артқанымен, тасымалдауға келгенде кедергі көп. Бұл тікелей геосаяси жағдайдың кесірінен болып отыр. Қазір осы мәселені шешу жолдарын Орта Азиядағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан елдерінің өкілдері Алматыда талқылауда.
Қазақстан мен Еуроодақтың тауар айналымы 40 млрд доллардан асты
Әйгерім Ердәулет, тілші:
Форумға жиналған 5 елдің өкілдері дәл қазір Орталық Азияның Еуропа нарығына шығу қарқынын арттыру тетіктерін талқылап жатыр. Алдымен сарапшылар мына мәселеге назар аудару керек деп отыр. Бүгінде Орталық Азия елдерінен Еуропаға экспортталатын өнімнің 90 пайызы мұнай, газ, металл сияқты шикізат көзі. Ал дайын өнімнің үлесі 5 пайыз. Халықаралық сауда сарапшыларының сөзінше, бір ғана мұнайдан 40 түрлі өнім шығаруға болады. Мамандар дәл осы бағытқа күш салу керектігін айтты. Сондай-ақ қазіргі геосаяси жағдайдың салдарынан Орта Азия елдеріне Еуропа нарығына шығу қиындаған. Өйткені кедендегі кептелістің кесірінен, тасымалдау уақыты 2 есеге созылған. Ал шығын 1,5 есе артқан. Көп ел тауарды транскаспий дәлізі арқылы шығарып келеді. Соның арқасында бизнес айтарлықтай шығынға батпай отыр. Бірақ Орталық Азия өкілдері тариф жүйесін де қайта қарау керек деп отыр. Өйткені тасымал қарқыны артқан сайын тариф те көтерілген. Ал бұл экспорт көлеміне тікелей әсер ететіні сөзсіз.
Қайрат Балықбаев, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:
Айта кетейік, былтыр Еуроодақ пен Қазақстанның өзара тауар айналымы 40 млрд долларға жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 38 пайызға көп. Ал Еуропаның Орталық Азиямен алыс-берісі 50 миллиард доллар. Осыдан-ақ Қазақстанның әлеуетін аңғаруға болады. Өткен жылы еуропалық компаниялардың Қазақстанға құйған инвестициясы 12 жарым млрд долларға жеткені тағы бар.
Әйгерім Ердәулет