Италияның солтүстігінде алапат су тасқыны жүріп, 4 адам қаза тапты. Тағы бірнеше тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үздіксіз нөсер құйып, бірнеше өзен арнасынан тасыды. Бұған дейін аймақта апталап жаңбыр жаумай, қуаңшылық белең алған еді. Нәтижесінде жарылған жерге су сіңбей қалды. Бұл тасқын салдарын одан әрі ауырлатып отыр.
Арай Төлеген