Ақмола облысында идеологиялық тұрғыдан ескірген 60 елдімекеннің ескі атауы қайтарылады. Өткен жылы өңірде 27 ауыл мен 200-ге жуық көшенің ескі атауы қайта жаңарған болатын. Бұл туралы Көкшетау қаласында өткен «Түркі жазбалары және ономастика» атты халықаралық конференцияда айтылды. Тарихшылар ескірген елдімекендердің атауын қазақшаландыру үшін әр аймақтың тарихын қайта зерделеу қажет дейді. Көнерген жер су аттары әсіресе, елдің солтүстік өңірлерінде басым. Қазіргі таңда Ақмола облысындағы 600 елдімекеннің тең жартысына жуығы өзге тілде аталады.
Жамбыл Артықбаев, тарих ғылымдарының докторы:
Көне түрік жазбаларының ішінде әлемдік үлкен еңбектер бар. Әлемдік ғылымда әлі күнге дейін зор деңгейде бағаланады. Ақмола жерін қарасақ, мысалы Қашқари сөздігінде айтылатын толып жатқан топонимдер, ономастикалық атаулар біздің жерімізде кездеседі. Одан да көне заманның топонимдері кездеседі.
Ұмсындық Наурызбаева