Еуропалық үш елдің компаниялары Қазақстанға қаржы құюға ниетті. «Астана» халықаралық қаржы орталығында өткен конференцияда елге тиімді импортты жаңғырту жайы сөз болды. Жиында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелдік қонақтарға Қазақстанның инвестициялық тартымды салалары көп екенін айтып, серіктестікке шақырды. Өз кезегінде Германия, Австрия, Швейцариядан келген экспорттық кредиттік компаниялардың өкілдері отандық кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру арқылы түрлі тауар экспорттауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар тараптар екіжақты сауданың мүмкіндіктерін талқылады.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі:
METRO, KNAUF, Heidelberg, Siemens, Линда сияқты ірі-ірі компаниялар бар. Әртүрлі салада. Бұл өңдеу, ауыл шаруашылығына қатысты және де мынау металлургия саласына қатысты. Олардың көзқарастары өте дұрыс. Позитивті. Қазақстанның мүмкіндіктерін жоғары бағалап отыр. Олардың көбісі қазір Қазақстанда жұмыс істеп отыр.
Серік Селеубай