АҚШ-тан 36 тарихи естелік Перуге қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тан 36 тарихи естелік Перуге қайтарылды

17.05.2023

Перудің сыртқы істер министрлігі бір кездері АҚШ-қа әкетілген тарихи естеліктерді елге қайтарды. Бұл артефактілердің арасында көне тоқыма бұйымдары, картиналар, мүсіндер бар. Барлығы - 36 жәдігер. Бағалы естеліктер АҚШ пен Перу дипломаттарының бірлескен іс-қимылы арқасында табылған. «Рейтердің» мәліметінше, Перу соңғы 4 жылда шетелден 2 мыңға жуық археологиялық жәдігер мен тарихи құжатты қайтарған.   

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу