Түркияда Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті

29.09.2015
Түркияда  Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті

Түркияда  Халықаралық «Түріксой» ұйымының Опера күндері өтті. Стамбулдан бастау алған мәдени шара 9 күнге созылып, Анталья қаласындағы атақты «Аспендос» сахнасында аяқталды.

Халықаралық фестивальге әлемнің 10-ға жуық мемлекетінен опера және балет майталмандары қатысты. Олардың арасында «Астана Операның» солистері Әнел Рүстемова мен Бахтияр Адамжановтар да бар.

Биыл 18-ші рет өткен фестиваль қырғыздың атақты опера әншісі Б.Мыңжылқиевтың құрметіне орай ұйымдастырылды.

Ал, былтыр бұл шара қазақтың атақты композиторы Мұқан Төлебаевты еске алуға арналған. 

 

Бақытжан ОМАР 

Хабарламаларға жазылу