Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген несие 13,9 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген несие 13,9 пайызға өсті

16.05.2023

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23 пайызға артқан. Оның ішінде кәсіпкерлерді қолдауға берілген несие 13,9 пайызға өсіп, 9,6 триллион теңгені құраған. Бұл жайында Ақордада Президент төрағалығымен өткен кеңесте белгілі болды. Жиында Ұлттық банктің былтырғы жылы атқарған жұмыстары баяндалды. Президент мемлекеттік органдарға тиімді жұмыс жүргізу қажет екенін айтты. Талқылау қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы жылдық есепті қабылдады.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу