Алматыда такси жүргізушісі жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда такси жүргізушісі жазаланды

16.05.2023

Алматыда такси жүргізушісі шетел азаматын әуежайдан қала ортасына дейін 400 еуроға, яғни 200 мың теңгеге жеткізген.

Жедел-іздестіру шарасының арқасында 27 жастағы Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Полицияның айтуынша, жауап алу кезінде ер адам өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге ақшаны толығымен қайтарып берген. Жапа шектім деген азамат шағымын қанағаттандырғаны үшін, тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

Ләззат Қасымжанова, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі:

Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігі, яғни қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен оған 21 150 теңге айыппұл салынды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу