Беларусь президенті Александр Лукашенко көпшілік алдына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Беларусь президенті Александр Лукашенко көпшілік алдына шықты

16.05.2023

Мамырдың 9-нан бері ел алдына шықпаған Беларусь президенті Александр Лукашенко әуе күштерінің коммандалық пунктіне барды. Мұны оның ресми сайты хабарлап отыр.

Жексенбіде Лукашенко Минскіде өткен салтанатты шараға қатыспаған еді. Сондықтан ардагер лидер қатты науқастанып қалды деген болжам айтылды. БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік туға арналған сол рәсімде Лукашенконың жолдауын премьер-министр оқыған.

Беларусь жетекшісі Мәскеуде Жеңіс мерекесінің түскі асына қатыса алмай, еліне дереу ұшып кетті. Содан бергі бір апта ол көпшілік арасында төбе көрсетпей кеткен еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу