Кешегі «Қайрат» пен «Ақтөбе» футбол клубтар арасындағы матч кезінде «Қайрат» футбол командасының ойыншысы Арсен Буранчиев ауыр жарақат алды. Ойынның екінші минуты кезінде ақтөбелік футболшымен допқа таласқан сәтте басынан ауыр соққы алды. Оны дәрігерлер шұғыл түрде ауруханаға әкеткен еді. Бүгін Арсенге ота жасалды. Жансақтау бөлімінде жатқан аяқ доп шебері бірер минут бұрын есін жиған. Клубтың баспасөз қызметі ойыншыны дәрігерлер үнемі бақылап отырғанын жазды.
Асылбек Данияр