Президент Ташкентте өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ташкентте өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

15.05.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады.

«Бокстан Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – Әлем чемпионы!» деп жазылған Президенттің Twitter-дегі парақшасында.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу