Елордада Оралхан Бөкей атындағы XVII республикалық байқау өтті. Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 16 мен 22 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Олар қаламгер шығармаларынан үзінділер оқып, театрландырылған көріністер қойды. Жеңімпаздарды Нұрлан Оразалин, Мырзатай Жолдасбеков сынды ғалым, жазушылардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Айдана ҮСЕНБАЙ