Алматыда футболдан спорт журналисті Амангелді Сейітханов атындағы турнир өтті. Шараның ашылу салтанатында қаламгердің әріптестері, шәкірттері мен ұстаздары қатысып, естеліктерін бөлісіп, арнау айтты.
Доп додасына еліміздің 8 өңірінен 16 команда қатысты. Арасында Амангелді Сейітхановтың өзі құрған құрама да бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған БАҚ өкілдері жасыл алаңда шеберлік байқасты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, қазір комментатор туралы деректі фильм түсіріліп жатыр. Туынды тамыз айында көрсетіледі. Турнир биыл екінші рет өтіп отыр.
Несіп Жүнісбай, жазушы, спорт журналисі:
Амангелді өле-өлгенше өзінің ғұмырын спортқа арнады. Оның соңында қаншама азаматтар осы спорт журналистикасын керемет өнер деп еріп келе жатыр. Спорттың жазылуын, спорттың насихатталуын мұнанда биік дәрежелерге жеткізеді, жеткізе берсін.
Бекасыл Сейітханов, А.сейітхановтың ұлы:
Біздің «Ниет» шын мықты жеңсін. Ең бірінші мақсат бұл жерде Амангелді Сейітханның рухын сыйлаған қазақ елі. Сол себепті біз өте қуаныштымыз. Және осындай жарыстар болашақта бола берсе деген ойдамыз.
Қуан Нұрақын