Спектакльде ақынның өмір жолынан сыр шертіледі. Сондай-ақ, шәкірті Айдар мен оның сүйіктісі Ажардың жалындаған махаббаты баяндалады. Бас партияны - ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин мен Талғат Мұсабаевтар орындайды.
Ал Мемлекеттік сыйлықтың иегері Майра Мұхамедқызы мен халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Ахметова Ажар рөлін сомдайды. 1944-ші жылдан сахналанып келе жатқан қойылымның бұл жолғы ерекшелігі - техниканың соңғы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, заманауи нұсқада ұсынылатындығында,- дейді мамандар.
Назерке АХМЕТОВА