«Qazaqstan» Ұлттық арнасында «Дара» білім бәйгесінің түсірілімі басталды. Интелектуалды сайысқа 16 қалада орналасқан жоғары оқу орындарының студенттері қатысып жатыр. Барлығы 32 команда. Жоба «Кім жылдам?», «12», «Жұмбақ жәшік» сияқты кезеңдерден тұрады. Бағдарлама жуырда ұлттық арнаның эфирінен көрсетіледі.
Махамбет Асқарұлы, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенті:
Арнайы дайындық болды. Яғни университет арасында іріктеу болды. Іріктеу сайыстарынан орын алған бірінші орын алған балаларды және де өзін жақсы қабілетте көрсеткен үздіктердің барлығының басын қосып алып келдік деген ойдамыз. Күнделікті өмірдегі қойылатын сұрақтар да бар. Логикалық сұрақтар бар. Әркім әр түрлі. Ойлау қабілетіне қарай өзінің дайындығына қарай деп ойлаймын барлығы.
Оңғар Алпысбай