Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Ақмола облысындағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, көшпелі отырыс өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мен субсидия проблемасы да талқыға түсіп, ауылдағы бизнестің жай-күйі зерделенді. Сондай-ақ, жауапты министрлік өкілдері агроөнеркәсіптік саласына инвестиция тарту, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, елдімекендердегі алқаптарды тиімді игеру мәселелерін талқылады.