Әлихан Смайылов: Орта бизнес Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінің қозғаушы күшіне айналуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Орта бизнес Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінің қозғаушы күшіне айналуы тиіс

12.05.2023

Орта бизнес Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінің қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Премьер-Министр Әлихан Смайылов бизнес өкілдерімен өткізген кездесуінде осылай деді. Басқосуда өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды. Жиынға кәсіпкерлер, министрлер, қала әкімдерінің орынбасарлары мен кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және мемлекеттік қолдауға жауапты квазимемлекеттік сектор басшылары қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнім көлемін ұлғайту, экспорт, жұмыс орындарын құру, кадр даярлау және тағы басқа мәселелерді талқылады.

Шыңғыс Құлахметов, кәсіпкер:

Орта бизнесті дамыту бойынша көтерілген сұрақтар өте өзекті болды. Біз ІТ саласында істеп жүрген кәсіпкерлер қазіргі таңда өндіріспен айналысуға, өндіріске бет бұрып жатырмыз. Өзекті мәселелер көтеріліп, солар да шешіліп жатты.

Үкімет басшысы жүктемені азайтып, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуді көздейтін жаңа Салық кодексі әзірленіп жатқанын айтты. Сонымен қатар жаңа реттеу нормасы енгізіліп, бизнеске қойылатын 10 мың негізсіз талап алынып тасталады және мемлекеттік бақылаудың барлық бағыты бойынша рәсімдер автоматтандырылады.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу