Елдегі машина жасау саласында кешенді жоспар әзірленіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі машина жасау саласында кешенді жоспар әзірленіп жатыр

11.05.2023

Машина жасау саласындағы мамандар шетелдегі зауыттарда оқуға мүмкіндік алады. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев елордада өтіп жатқан Ondeu Expo халықаралық көрмесінде айтты. Қазір 2024-2027 жылдарға арналған машина жасау саласы бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. «Қолдау тапса өнеркәсіптегі мамандар 3 айдан жарты жылға дейін оқуға жіберіледі», - деді. Шығынның жартысын мемлекет төлейді. Ondeu Expo шарасы Астанадағы ЭКСПО орталығында өтіп жатыр. Биыл көрмеге 17 елдің өкілі келген.   

Райхан Сайранбек

Хабарламаларға жазылу