Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбековтың отбасына 13 миллион теңге өтемақы беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан Арслан Құрманбековтың отбасына 13 миллион теңге өтемақы беріледі

11.05.2023

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан сержант Арслан Құрманбековтың отбасына 13 миллион теңге бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Сондай-ақ одан бөлек қаржылай көмек көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 күн бұрын Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде өрт шықты. Таулы аймақта жел соғып, қызыл жалын 8 мың шаршы метр жерді шарпып өтті. Оқиға орнына алғаш болып жеткен өрт сөндірушілер арасында азаматтық қорғау сержанты Арслан Құрманбековтің үстіне жанып жатқан ағаш құлаған болатын. Алған жарақатынан ол оқиға орнында жан тапсырған. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу